Білімі:
2000 ж. – Астана қаласындағы Қазақ ұлттық музыка академиясына «Домбыра» мамандығы бойынша оқуға түсті.
«Домбыра» мамандығымен қатар вокалдық өнер бойынша кәсіби білім алды.
Шығармашылық жетістіктері:
5 жасынан бастап шығармашылық байқаулар мен концерттік іс-шараларға қатысып келеді.
«Шат» ансамблінің солисі ретінде Түркия, Болгария, Иордания, Малайзия, Үндістан, Корея және Қытай елдерінде өткен халықаралық фестивальдер мен концерттік бағдарламаларға қатысты.
2012 ж. – «Жас қанат» байқауына қатысып, әкімнің арнайы жүлдесіне ие болды.
«Қазақстан Дауысы» танымал телевизиялық жобасына қатысты.
Әртүрлі музыкалық жанрларда өнер көрсететін ВИА тобының құрамында өнер көрсетті.
2026 ж. – Роза Бағланова атындағы халықаралық вокалдық байқаудың I дәрежелі жүлдегері (I орын).
2026 ж. – «Қазақконцерттің» 65-концерттік маусымының жабылу салтанатына арналған концерттік бағдарламада өнер көрсетті және 66-концерттік маусымның ашылуына шақырылған әртістердің қатарында болды.
Еңбек жолы:
«Шат» ансамблінің солисі.
ВИА тобының құрамында өнер көрсетті.
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының шақырылған әртісі.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз