Лаура Кумарханова –опера әншісі, «Астана Опера» опера және балет театрының балалар студиясының түлегі, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының стипендиаты.
Білімі:
2016–2020 жж. – Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжі, «Вокалдық өнер және дирижерлеу» кафедрасы, «Академиялық ән салу» мамандығы
2020–2024 жж. – Италия, Озимо қаласындағы Accademia D’Arte Lirica өнер академиясы
2025 ж. – Қ. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, «Вокалдық өнер» кафедрасы, «Академиялық ән салу» мамандығы
Шығармашылық жетістіктері:
«Орфей» жас вокалистердің халықаралық конкурсы – II дәрежелі лауреат (Ресей)
XV «Music Seasons Art-Duo» халықаралық музыкалық конкурсы – I дәрежелі лауреат, арнайы жүлде иегері (Прага)
II «Jumeirah Sounds» халықаралық жастар конкурсы – Гран-при иегері (БАӘ)
Важа Чачава атындағы II халықаралық орындаушылық өнер конкурсы – I дәрежелі лауреат (Грузия)
«Primavera Romana» халықаралық конкурсы – I дәрежелі лауреат (Италия)
«Музыкалық Астана» халықаралық конкурс-фестивалі – III дәрежелі лауреат, арнайы жүлде иегері (Қазақстан)
«Singing Emirates» халықаралық конкурсы – Гран-при иегері (БАӘ)
«Нұр-Астана» I республикалық конкурс-фестивалі – I дәрежелі лауреат (Қазақстан)
«Fiestalonia Kazakhstan» халықаралық конкурсы – I дәрежелі лауреат (Қазақстан)
«Өнер! Достық! Бейбітшілік!» I республикалық конкурсы – I дәрежелі лауреат (Қазақстан)
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, профессор Қанат Омарбаевтың 80 жылдығына арналған I республикалық вокалистер конкурсы – II дәрежелі лауреат (Қазақстан)
«Astana Sounds» халықаралық вокалистер конкурсы – Гран-при иегері.
«Астана Опера» театрының басты сахнасында, сондай-ақ Италия театрларында бірқатар танымал опера қойылымдарында өнер көрсетті. Оның репертуарында:
Е. Брусиловский – «Қыз Жібек»
М. Төлебаев – «Біржан – Сара»
Дж. Пуччини – «Богема», «Тоска», «Турандот», «Джанни Скикки», «Сестра Анжелика»
Дж. Верди – «Аида»
Ж. Бизе – «Кармен»
Дж. Россини – «Золушка» және басқа да опералық шығармалар бар.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз