X

Күнсұлу Түрікпен

Фото

Видео

Күнсұлу Түрікпен

Күнсұлу Түрікпен – кәсіби жыршы, термеші. "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты


Білімі:

2010-2014 – Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Дәстүрлі жыр»  мамандығы;

2015-2017 – Қазақ ұлттық өнер университеті, «Өнертану» ғылымдарының магистрі.


Шығармашылық жетістіктері:


2018 – Халықаралық «Мен қазақпын»  мега жобасының «Терме» номинациясы бойынша гран-при;

2018 – Республикалық «Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер байқауының гран-при;

2019 – Мұрын жырау Сеңгірбекұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Мұхиттан қалмыш теңіз жыр» атты республикалық жыршылар байқауында  ІІІ орын;

2019 – Республикалық «Тәуелсіздік толғауы» үздік шығармалар байқауының ІІ орын;

2020 - "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.


Ұлыбритания, Түркия, Өзбекстан, Калмыкия, Мәскеу, Әзірбайжан, Түркменстан елдерінде өнер көрсетіп, қазақтың жыршылық дәстүрін насихаттауға үлес қосқан.


Репертуар:

Қазақ ақын-жырауларының 200-ге жуық жыр- термесі

«Көрұғлы», «Қарасай- Қази», «Орақ, Мамай» эпостық жыр-дастандары

Поделиться в соц. сетях: