X
Акбота
Акбота Керимбекова

Қазақконцерттің эстрада бөлімінің әртісі. Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының иегері, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты.

Толығырақ

Фото

Әртіс туралы

    Білімі:

1984–1989 жылдары Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінде білім алған.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Музыкалық театр артисі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2003–2008 жылдары Орталық Азия университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

    Шығармашылық жетістіктері:

1999 жылдан бері тұрақты кәсіби шығармашылық жолда.

Репертуарында отандық және Қытай, Қырғызстан, Түркия композиторларының 300-ге жуық әні бар.

Алматы қаласындағы Республика сарайында және Астана қаласындағы Конгресс-холлда бірнеше жеке есеп беру концерттерін өткізген.

Республикалық ән байқауларының жүлдегері.

Ұлттық телевизиялық музыкалық жобалар мен халықаралық музыкалық фестивальдердің лауреаты.

Әр жылдары орындаған әндері республикалық музыкалық телеарналардың хит-парадтарында жоғары орындарға ие болды.

Бірқатар туындылары Қазақстан Ұлттық телеарнасының, Қазақ радиосының және Ұлттық фонотекалық қордың «Алтын қорына» енген.

Қазақстан Республикасының халық әртістері, мемлекеттік сыйлық лауреаттары, кәсіби композиторлар, музыканттар, дирижерлер мен музыка сыншылары тарапынан жоғары баға алған.

Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркия елдерінде гастрольдік сапарлармен болып, жеке концерттерін өткізген.

Қазақстан Жастар одағының «Серпер» сыйлығының иегері.

Поделиться в соц. сетях: