X
Ерболат
Ерболат Шалдыбеков

Фото

Әртіс туралы

    Ерболат Шалдыбеков –дәстүрлі әнші, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, өнер магистрі 

 

    Білімі:

•    1995-1998 жж. - Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжінде Жетісу өңірінің әншілік мектебі бойынша білім алды. 

•    1998-2002 жж. - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Халық әні» кафедрасында білім алды.

•    2014-2016 жж. - Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында «Дәстүрлі музыкалық өнер» мамандығы бойынша өнертану ғылымдарының магистрі атанды.

 

    Шығармашылық жетістіктері.

•    2001 - К.Әзірбаев атындағы І Республикалық «Шырқа, даусым» конкурсында лауреат; 

•    2001 - Халықаралық «Шабыт» фестивалінде лауреат;

•    2004 - Ж.Елебеков атындағы Республикалық әншілер байқауында Д.Рақышев атындағы сыйлықты иеленді;

•    2005 - ҚР Президентінің арнайы дипломымен марапатталды;

•    2005 - «Егемен болмай – ел болмас» атты термешілер байқауында лауреат;

•    2007 - «Арқалы жырау жырласын» атты Қобыланды батыр атындағы жыршылар байқауында жүлдегер;

•    2007 - С.Садырбайұлының «Қарасай батыр» атты киноновелласында Сүйінбай Аронұлының «Қарасай батыр» дастанын орындады;

•    2007-2008 - «Қазақстан» ұлттық телеарнасында өткен «Дәстүрлі ән айтыс» және «Дала – думан» бағдарламаларында өнер көрсетті;

•    2008 - Алматы қаласында «Қазақконцерт» залында жеке шығармашылық концертін берді;

•    2009-2011 жылдар аралығында «Қазақстан» телеарнасының ұйымдастыруымен республикалық «Сегіз қырлы» дәстүрлі ән бәйгесінде өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болды;

•    2009-2011 - Е.Шалдыбековтың орындауындағы «Ер Тарғын», «Алпамыс батыр», «Кенесары батыр» батырлық жырлары мен «Қыз Жібек» лиро-эпостық дастаны CD диск болып     шықты;

•    «Хабар» арнасының ұйымдастырылуымен өткен «Ұлы дала ойындары»  атты тележобалық ән сайысында өнер көрсетті;

•    2010-2011 - «Астана арқауы», «Қорқыт және Ұлы дала сазы» фестивальдерінде, «Азиада ойындарына» арналған концерттерде өнер көрсетті;

•     «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шыққан «Қазақтың мың әні» жинағына әншінің репертуарынан 9 туынды енді;

•    2017 - Халықаралық «EXPO-2017» көрмесінің концерттік бағдарламаларында өнер көрсетті;

•    2018 - «Жыр атасы – Қабан жырау» атты Республикалық жыршылар конкурсында лауреат атанды;

•    2018 - Елорданың 20 жылдығына орай өткен «Астана арқауы» фестивалінің концерттік бағдарламасында өнер көрсетті.

 

Поделиться в соц. сетях:

Видео