Шығармашылық қызметі:
Қазақстанның мәдениеті мен өнерін насихаттау мақсатында еліміздің өңірлерінде және шетелдерде өнер көрсетіп келеді.
2023 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Республика күніне арналған концертте, Франция Президентінің қабылдауында және Башқұртстан Республикасының ресми қабылдауында өнер көрсетті.
2024 ж. – ТМД елдерімен бірлесіп ұйымдастырылған, бес мемлекеттің президенттері қатысқан «Вечер дружбы» гала-концертіне қатысты.
2025 ж. – Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Венгрия және Армения республикаларының ресми қабылдауларында, Сеулде өткен Әлемдік көшбасшылар саммитінің ресми қабылдауында, сондай-ақ Саха Республикасындағы Астана мәдениет күндеріне арналған гала-концертте өнер көрсетті.
2026 ж. – Сербия Республикасының ресми қабылдауында, Бейжіңде Қазақстан мен Қытай мәдениетінің тоғысу жылына арналған салтанатты гала-концертте, Израиль және Ресей Федерацияларының ресми қабылдауларында өнер көрсетті. «Халық әуендері» жобасы аясында Батыс Қазақстан облысының аудандарында гастрольдік сапарда болды. Қазақстанның Вьетнамдағы мәдениет күндері аясындағы гала-концертке және Лаос Республикасының ресми қабылдауына қатысты.
Шығармашылық жетістіктері:
2019 ж. – Қазақстанның шағын қалаларының II республикалық «Алтын шаһар» шығармашылық фестивалінің II дәрежелі лауреаты.
2020 ж. – Мұқағали Мақатаев атындағы XIII облыстық «Жырлайды жүрек» әншілер байқауының III дәрежелі лауреаты.
2021 ж. – Нұржан Наушабаев атындағы II республикалық «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен» дәстүрлі ән орындаушылар байқауының дипломанты.
2023 ж. – Естай Беркімбайұлының 155 жылдығына арналған «Естай деп атым шықты қалың елге» республикалық дәстүрлі әншілер байқауының II дәрежелі лауреаты.
2023 ж. – «Арқаның ән дариясы» республикалық дәстүрлі әншілер байқауының III дәрежелі лауреаты.
2024 ж. – Тұрсынғазы Рахимовтың шығармашылығына арналған «Сәби болғым келеді» республикалық ән байқау-фестивалінің дипломанты.
2025 ж. – Қазақстан Республикасы Президентінің Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай берілген Алғыс хатымен марапатталды.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз