Домбырашы, мультиаспапшы музыкант, өнертану магистрі, композитор, ұстаз
Білімі:
1994–2003 жж. – С. Сейфуллин атындағы №74 орта мектеп.
2003–2006 жж. – П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі.
2006–2010 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, халық музыкасы факультеті (бакалавриат).
2010–2012 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, арт-менеджмент факультеті (магистратура).
Шығармашылық жетістіктері:
1999 ж. – Академик А. Жұбанов атындағы жас орындаушылар фестивалінің дипломанты.
2000 ж. – Республикалық және қалалық жас музыканттар байқауының I орын иегері.
2003 ж. – Республикалық және қалалық жас музыканттар байқауының Гран-при иегері.
2005 ж. – «Шабыт» VIII халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при иегері.
2005 ж. – Құрманғазы атындағы VI республикалық байқаудың III орын лауреаты.
2006 ж. – Республикалық жас орындаушылар байқауының «Домбыра» номинациясы бойынша I орын иегері.
2008 жылдан бастап – «TURAN» этно-фольклорлық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі. Домбыра, үш ішекті домбыра, шаңқобыз және түркі халықтарының ұлттық музыкалық аспаптарында өнер көрсетеді.
2010 ж. – «TURAN» ансамблінің құрамында «Ортеке» халықаралық байқауының I орын лауреаты.
2011 ж. – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының грант иегері.
2016 ж. – «World Wood Day» халықаралық фестиваліне қатысты.
2023 ж. – Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының атынан «Түркі халықтары мәдениетінің амбассадорлары» атанды.
2023 ж. – «TURAN» ансамблінің 15 жылдығына арналған халықаралық концерттік жобалар мен гастрольдік сапарларға қатысты.
2018 ж. – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
2023 ж. – «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Авторлық күйлері: «Алтыныма», «Мәңгілік жастық», «Сағыныш», «Райымбек», «Өмір толғауы», «Қожекем», «Жетісуым», «Ғұлама Абай» және басқа шығармалар.
Ғылыми-зерттеу еңбектері мен жинақтары: «Мәңгілік жастық» авторлық күй жинағы (2019), «Қазақ ұлттық консерваториясының фольклорлық зертханасы» жинағы (2019), «Қожеке» нота жинағы (2023). Дәстүрлі музыка мен күйшілік өнерге арналған ғылыми мақалалардың авторы.
2022 ж. – Ғалым Б. Мүптекеевтің «Жетісудың оңтүстік-шығысындағы күйшілік дәстүр» монографиясының ғылыми редакторы.
Еңбек жолы:
2006–2018 жж. – №83 мектеп-гимназиясында домбыра пәнінің мұғалімі және фольклорлық ансамбль жетекшісі.
2007–2009 жж. – «Алматы әуендері» ұйымының «Сазген сазы» ансамблінде музыкант-аспапшы.
2011–2013 жж. – П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінде домбыра пәнінің оқытушысы және фольклорлық ансамбль жетекшісі.
2013–2014 жж. – Ықылас атындағы Қазақ халық музыкалық аспаптары музейінің ғылыми қызметкері.
2014–2018 жж. – Іле ауданындағы №1 балалар музыкалық мектебінде домбыра және қазақ музыкалық мәдениеті пәндерінің оқытушысы.
2018–2022 жж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми-зерттеу фольклорлық зертханасының жетекшісі, арт-менеджмент кафедрасының оқытушысы.
2019–2022 жж. – «Tamos Education» өнер мектебінің домбыра пәнінің ұстазы.
2022–2025 жж. – Қазақ ұлттық өнер университетінің колледжінде домбыра пәнінің оқытушысы.
2022 жылдан бастап – Қазақ ұлттық хореография академиясының өнертану және арт-менеджмент кафедрасының аға оқытушысы.
2022 жылдан бастап – Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Халық қазынасы» дәстүрлі өнер орталығының солист-әртісі.
Авторлық күйлері (музыка авторы және өңдеуші):
1. «Алтыныма»
2. «Мәңгілік жастық»
3. «Сағыныш»
4. «Райымбек»
5. «Әй-достарым»
6. «Өмір толғауы»
7. «Мұғалиға арнау»
8. «Батыр баба – Мергенбай»
9. «Қожекем»
10. «Зарлы заман»
11. «Жетісуым»
12. «Ұстазға тағзым»
13. «Бәдік күйі»
14. «Шалқыма»
15. «Әжеме тарту»
16. «Ғұлама Абай»
17. «Қарқара көтерілісі» – үш ішекті домбыраға арналған.
18. «Желдірме» – үш ішекті домбыраға арналған.
19. «Шалкөде» – екі домбыраға арналған.
20. «Бөбектің тілегі» – домбырашылар триосына арналған.
21. «Ана алақаны» – орындаушы: «TURAN» ансамблі, аранжировкасы – «TURAN» ансамблі.
22. «Назым» – орындаушы: «Хассақ» ансамблі.
23. «Балбөбек» – орындаушы: «TURAN» ансамблі, аранжировкасы – «TURAN» ансамблі.
24. «Желдірме» – орындаушы: «TURAN» ансамблі, аранжировкасы – «TURAN» ансамблі.
25. «Қилы заман» – орындаушы: «TURAN» ансамблі, аранжировкасы – «TURAN» ансамблі.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз