Бауыржан Исаев – вокалдық өнер әртісі.
Білімі:
1994–1998 ж.ж. – Шымкент музыкалық колледжі.
1998–2002 ж.ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы.
2001 ж. – Франция, Ницца қаласы. Консерваторияның жазғы академиясында тағылымдамадан өтті;
2015–2016 ж.ж. – Қазақ ұлттық өнер университеті. Магистратура.
Шығармашылық жетістіктері:
Облыстық жас орындаушылар байқауы «Арай» (Гран-при) лауреаты;
Республикалық жас орындаушылар байқауы «Жас қанат» лауреаты;
Халықаралық орындаушылар байқауы «Памуккалле» (Түркия, Денизли қ.) дипломанты;
Халықаралық «Азия дауысы» байқауының Гран-при иегері;
Халықаралық орындаушылар байқауы «Славян базары» дипломанты;
Халықаралық орындаушылар байқауы (Қытай Халық Республикасы, Шанхай қ.) дипломанты;
Халықаралық орыс романсы орындаушылары байқауы «Романсиада» лауреаты.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз