X
АСАТАЯҚ
АСАТАЯҚ
АСАТАЯҚ – қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы.

Фото

Aспап туралы

    Асатаяқ – қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Бақсылар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған. «Аса» деген сөз өзбектерде – «асоий», ұйғырларда – «һасса» делінеді, ол таяқ дегенді білдіреді. Тегінде, «асатаяқ» мағынасы бірдей екі сөзден қосылған болу керек. Этнографтар асатаяқты суреттеп жазған кездерінде оны «посох», «жезл», «трость», «костыль», «колба», «оса», «муса-оса» деп түрліше атаған.

    Аспаптың жасалу технологиясы: Асатаяқтың жасалу тәсіліне қарай «күмбезді», «жалпақ басты», «ай басты», «жылан басты», «сопақша», «қалақша», т.б. болып келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады.

Поделиться в соц. сетях: