X
Анвара Садықова
Анвара Садықова

"Гүлдер" ансамблінің бас балетмейстері

Фото

Әртіс туралы

    Садықова Анвара Әріпқызы – "Гүлдер" ансамблінің бас балетмейстері.

    Білімі:

1992-2000 жж. А. Селезнев ат. Алматы хореографиялық училищесі, балет әртісі, үздік диплом;

2000-2004 жж. Т. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы, педагог-хореограф, үздік диплом;

2004-2006 жж. Т. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясының магистратурасы. «Хореография педагогикасы» мамандығы бойынша өнер магистрі академиялық дәрежесі берілді. Үздік диплом;

2006-2009 жж. Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА аспирантурасы;

2015-2020 жж. Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының ізденушісі.

2020 ж. Құқық философиясы және әлеуметтік-саяси зерттеулер институты жанындағы диссертациялық кеңесте өнертану кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. А. Алтмышбаева Қырғыз Республикасының Ұлттық Ғылым академиясы.

2020 ж. Өнертану кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.

 

    Шығармашылық жетістіктері:

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры сыйлығының лауреаты (2009);

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегері (2018);

«Құлагер» ұлттық киносыйлығы;

«Үздік деректі фильм» номинациясында («Қазақ биі» фильмі үшін) (2018);

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының II маусымы жобасының жеңімпазы (2018);

ҚР Халық әртісі Гүлжан Талпақованың әлем халықтары биінің I Халықаралық байқау-фестивалінің үздік қойылымы үшін сыйлығы (2019);

«Балетмейстерлік шеберлік» номинациясы бойынша Шара Жиенқұлова атындағы Республикалық қазақ би байқауының 1 сыйлығының лауреаты (2019);

«Best choreographer Award» халықаралық байқауының YOUTH AMERICA Grand PRIH (2019);

Республикалық журналдарда және халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен монографиялар материалдарының жинақтарында жарияланған ұлттық балет өнері мәселелері бойынша бірқатар ғылыми мақалалардың авторы;

А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, Б. Аюханов жетекшілік еткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры, Т. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясы, Қазақ ұлттық хореография академиясы, «Астана Балет» театры, «Астана Опера» театры, М. Әуезов ат. драма театры, «Астана Мюзикл» театры және т. б. театрлардың репертуарындағы неоказақ хореографиясы стиліндегі 40-тан астам хореографиялық миниатюралардың авторы (2009-2021).

«Тұран дала — қыран дала» этно-балетінің авторы (АХУ им. А. Селезнева, 2017), «Желтораңды тұралы аңыз» бір актілі балеті («Астана Балет» театры, 2020);

«А. Селезнев ат. Алматы хореографиялық училищесіне 80 жыл» (2014), «Қазақстанның Балет өнері» (2016) деректі фильмдерінің авторы және соавторы, «Қазақ биі» деректі фильмінің режиссері (2017);

«Біздің Александр Селезнев» (Санкт-Петербург, 2017) кітабының соавторы, «Қазақ балетінің Сильфидасы - Майра Қадырованың шығармашылық портреті» (Алматы, 2020); Халықаралық конкурстардың (Германия, Франция, Латвия, Италия, Австрия, Ресей, Әзірбайжан, Шешенстан, Қырғызстан, Қазақстан) және фестивальдердің (Франция, Жапония, Түркия, АҚШ, Қытай, Солтүстік Кипр, Башқұртстан) 20-дан астам лауреаттарын дайындады.

Поделиться в соц. сетях: