X

Сырлы әндер – сырласым

Дата: 28.06.2022 Время: 19:00 Зал: Камералық зал

Құрметті өнер сүйер қауым! Сіздерді «Сырлы әндер – сырласым» атты жаңа концертке шақырамыз!

Концертті белгілі әнші, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақконцерт солисі Құмарбек Қалқатай ұсынады.

Бұл кеште сіздер ұлтымыздың әуелеген әсем ән, күмбірлеген күй мен дәстүрлі өнер жауһарларынан сусындайтын боласыздар.

Сахнада Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының халық аспаптар ансамблі, «Astana Musical» мемлекеттік театры өнер көрсетеді. Жүргізуші – Қанат Жүнісов.

«Сырлы әндер – сырласым» концертін тамашалап, әдемі кештің  куәсі болыңыздар!

Поделиться в соц. сетях: