«ҚАЗАҚКОНЦЕРТТЕ» АЙЗАТ ҚАРАБЕКТІҢ ЖЕКЕ КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ
Күні: 06.10.2023 Уақыты: 19:30 Зал: «QAZAQSTAN» ОКЗ
«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы елордалық көрермендерге тұңғыш рет халық әндерін домбыра мен гитарада ойнайтын кәсіби орындаушы, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаты, «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі Айзат Қарабектің «Өмірім-өнерім» атты жеке шығармашылық кешін өткізеді. Концерттік бағдарламада түркі мәдениетінің бай мұрасын көрсететін фольклорлық туындылар орындалады.
А. Қарабектің әрбір репертуары вокалды энергияға толы, сондай-ақ, жүрекке жететін әндерімен және көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген талантты әншілердің бірі. Әнші лирикалық және тембрлік бояулары бар ерекше дауыс иесі.
Іс-шараға Асқар Мұқият, Дарын Құдайберген, Әділет Азбаев, Санджай Альмишев, Айдын Жұмабай, «Saz&Soul»тобы, сондай-ақ, «Астана сазы» ансамблі қатысады.
Еске сала кетейік, жуырда «Халық Қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі, халықаралық байқаулардың лауреаты Айзат Қарабек «ТҮРКСОЙ» Түркі мәдениеті халықаралық ұйымы берген төсбелгінің иегері атанды. Осы жылдар ішінде ол Қазақстанның ұлттық музыка өнерін Франция, Германия, Ресей, Австрия, Түркия, Чехия және Оңтүстік Корея елдеріне паш етті. Дарынды әнші шетелдерде және Қазақстанның аймақтарында гастрольдік сапарларын белсенді түрде жалғастыруда, әлеуметтік желілерде қазақтың халық музыкасын насихаттайтын парақшаларды жүргізеді.
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки
Өтінішіңізді жіберіңіз