X

«COVID-19» дэнс-драмасы

Дата: 26.05.2022 Время: 19:30 Зал: Кіші зал

«Astana Musical» мемлекеттік театры «COVID-19» дэнс-драмасын ұсынады.

 

Толығырақ: https://www.youtube.com/embed/hy9HttMPZ7k 

 

Қойылымның атауы өзі айтып тұрғандай, басты назарда – соңғы жылдардың ең танымал сөзіне айналған «COVID-19» құбылысы. Қойылымда ойдан шығарылған кейіпкерлер мен үйреншікті сахналық образдар жоқ. Туынды толығымен өміріміздің қазіргі болмысын көрсететін шынайы оқиғаларға негізделген. «COVID-19» хореографиялық спектаклі – бұл мәңгілік құндылықтар туралы пайымдаулар, адамдардың карантин кезіндегі ішкі ой-толғанысы, санамыздағы өзгерістер, көпшіліктің қисынсыз әрекеттері мен ойға қонымсыз түсініктері, соның нәтижесінде жақындарынан айырылған азаматтардың қайғы-қасіреті... 

Әлемді күрт өзгерткен COVID-19» пандемиясы бізді өзгерте алды ма?  Сақтық шаралары мен шектеулерге дейінгі өмір қайта орала ма? Осы және өзге де өзекті сауалдардың жауабын «COVID-19» атты дэнс-драмадан таба аласыздар.

Спектакльдің режиссер-хореографы –Анель Мурзагулова, музыкалық туындылардың авторы - Ақжол Өмірзақов.

 

Көрермендердің пікірі: https://www.youtube.com/embed/rpzX8FCZ2WY

 

Жанр: хореографиялық қойылым

Жас шектеуі: +14

 

Поделиться в соц. сетях: