Жанболат Ербатыров
Жанболат Ербатыров – белгілі эстрада әншісі, мәдениет қайраткері.
Білімі:
1993-1996 жж. - Алматы қаласындағы Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің «эстрадалық вокал» бөлімінде оқыған.
2011-2014 жж. - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде "Музыкалық білім" мамандығы бойынша білім алған.
Әнші республика өңірлерінде концерттік және гастрольдік қызметпен белсене айналысып, өнер сүйер қауымға сапалы музыкалық өнер туындыларын ұсынып жүр. Сонымен қатар танымал телевизиялық бағдарламаларға қатысып, эстрада өнерінің дамуына өз үлесін қосуда
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки