Дина Мирманова
Дина Мирманова – академиялық музыкалық бағыттың әртісі, концертмейстер. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының лауреаты.
Білімі:
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген
Шығармашылық жетістіктері
Жеке орындау және фортепианолық дуэттер бойынша көптеген музыкалық байқаулардың лауреаты:
2000 – Орталық Азиядағы I халықаралық байқау (Алматы)
2004 – Пианистер арасындағы II ашық байқау (Алматы)
2006 – IX «Шабыт» халықаралық байқауы (Астана)
2014 – Фортепианолық дуэттер бойынша XXIV халықаралық байқау (Рим, Италия)
2018 – Пианистер арасындағы XV халықаралық байқау (Пезаро, Италия)
2018 – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының лауреаты
2020 – «ҚР Мәдениет саласының үздігі» марапаты табысталды
Бұған қоса, үздік концертмейстер ретінде көптеген дипломдар мен марапаттарды иеленді:
2002 – ішекті аспаптар музыканттары арасындағы VI халықаралық байқау (Тольятти)
2004 – халық аспаптары бойынша 25-ші республикалық байқау (Алматы)
2006 – Скрипкашылар арасындағы I халықаралық байқау (Астана)
2017 – Чайковский атындағы X халықаралық байқау (Астана)
Поделиться в соц. сетях:
Форма заявки