X

Тимур Акрямович Урманчеев

«Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі


Тимур Урманчеев – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық байқаулардың Лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, «Renata Tebaldi-Mario Del Monaco» (Италия) Халықаралық вокал академиясының құрметті профессоры

Тимур Урманчеев – Қазақстанның академиялық музыка өнерінің жарқын өкілі. Ол отандық өнердің дамуына зор үлес қосты. Талантты солист, концертмейстер, «Форте Трио» мемлекеттік ансамблінің негізін салушы. Танымал пианист ірі халықаралық және республикалық жобалардың көркемдік жетекшісі болып табылады. 


Білімі:

  • 1990 ж. – Жоғары орындаушылық шеберлік курстары (П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры А.Ведерниковтың сыныбы); 
  • 1991 ж. – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының фортепиано класы бойынша түлегі;
  • 1993 ж. – Ассистентура-тағылымдама.

 

Шығармашылық жетістіктері: 

  • 2001 ж. – ҚР Президентінің жарлығымен «Ерен еңбегі үшiн» медалі;
  • 2006 ж. – «Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері» атағы;
  • 2015 ж. – «Құрмет» орденінің иегері.