каз  рус  
 
   
 

Біздің сайтымызға қош қелдіңіздер!

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ресми сайтына қош келдіңіздер!

Қазақконцерт – Алматы қаласында 1960 жылдары құрылған Қазақстандағы ең ірі музыкалық ұйымдардың бірі. Өзінің бай тарихының алғашқы күндерінен-ақ «Қазақконцерт» қазақстандық мәдениетінің көш басында болды. Бұл жерде еліміздің үздік әртістері мен шығармашылық ұжымдары бас қосқан. «Қазақконцерттің» концерттері ауқымды көрермен аудиториясын жинайды, ал бағдарламалары жанрлық сан-алуандылық пен орындаушылардың жоғары кәсібилігімен ерекшеленді.

«Қазақконцерттің» әр кездегі басты міндеті – музыкалық дәстүрлі сақтау және дамыту, қазақстандық өнердің үздік жетістіктерін насихаттау, жас дарындарды қолдау болған.

«Қазақконцерттің» құрылуындағы алғашқы қадамдар қазақ мәдениетінің тарихына есімдері «алтын» әріппен жазылған әртістердің шығармашылық қызметімен байланысты.

2016 жылдың қаңтарында «Қазақконцертке» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік ұйымы мәртебесі беріледі.Енді «Қазақконцерт» өз қызметін Қазақстанның астанасында еліміздегі ірі концерттік зал – «Қазақстан» орталық концерт залының негізінде жалғастырады.

«Қазақконцертте» барлық жанрлар ұсынылған: халық өнері, классика, эстрада. Шығармашылық құрамға фольклорлық-этнографиялық ансамбль, «Академия солистов» мемлекеттік камералық оркестрі, «Astana Musical» театры, эстрадалық және опералық әншілер кіреді.

Бүгінгі таңда «Қазақконцерт» көректі Астанамен өзінің жаңа белестерін байланыстыра отырып, аты аңызға айналған ұйымның даңқы тарихын жалғастырып келеді.

Мәдени жаналықтар
09.10 '17

«Астана Махаббатым менің» мюзикліне шақырамыз!

02.10 '17

Елена Ваенга Астанада

 
 
Copyright (c) 2017
ҚАЗАҚКОНЦЕРТ