X

«Astana musical» театры Рэй Кунидің «№13» пьесасын ұсынды

11.10 .

Рэй Кунидің әлемге әйгілі «№13» пьесасы өзге қырынан танылды. «Astana musical» мемлекеттік театры ағылшын драматургінің туындысына жаңа дем берді. Жаңаша сипат алған спектакль мюзикл жанрына келістіріліп ән мен биге ұласты. Оқиға желісі сол баяғы қонақүйдегі №13 бөлмеде басталады. Сюжет негізінен үш кейіпкердің арасында өрбиді. Үшінші артық адам – екі көңілдестің кездесуін бұзған қарақшының мәйіті. Тәрбиелік мәні бар қойылым мансапқорлықтың кесірінен туындайтын адам болмысының шынайылығын аша түседі. Айта кетейік, «№13» пьеса – соңғы онжылдықтағы ең үздік комедиялардың бірі. Рэй Кунидің бұл тырнақалды туындысы 1991 жылы үздік ағылшын комедиясыны деп танылып, Оливье Лоуренс атындағы сыйлықты иеленген. 


ЕСЛӘМ НҰРТАЗИН, ҚОЮШЫ-РЕЖИССЕР, «ASTANA MUSICAL» МЕМЛЕКЕТТІК ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ: -  Қазақтың менталды ерекшеліктері бар. Соған байланысты біз басқаша ойнауға тырыстық, басқаша қоюға тырыстық. Бұның басты ерекшелігі біз мұнда басқа темп ритмде ойнаймыз. Өзімізге тән қазақи темп ритмде. Бірақ сахнаның, комедияның және автордың өзінің заңдылықтарын сақтауға тырыстық. 


https://kazakh-tv.kz/kz/view/culture/page_206103_astana-musical-teatry-rei-kunidin-%E2%84%9613-pesasyn-usyndy


Поделиться в соц. сетях: