Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 20 қыркүйек күні «Qazaqstan» орталық концерт залында «Қазаконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Аталған іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Серік Жексембеков, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері Серік Сапиев, белгілі ақын Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Серікзат Дүйсенғазы, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастырушылық сұрақтар бойынша орынбасары Ерлан Дакенов, шығармашылық сұрақтар бойынша орынбасары Анна Кузембаева қатысты. Спикерлер кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып табылатынын алға тартып, келелі кеңес өткізді.

Қазіргі уақытта елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді, әлемдік стандарттарға сай институттары мен тетіктері қалыптасты. Олардың қатарында Елбасымыздың қабылдаған «Рухани жаңғыру», «100 нақты қадам» бағдарламалары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бар. Аталған бағдарламалардың жүзеге асырылуы жемқорлық сынды келеңсіз құбылыстарға тойтарыс беріп, қазақстандықтардың ой-санасын өзгертері анық.