X

Шығармашылық қызметке жаңа басшы тағайындалды

02.07 .

«Қазақконцерт» ұйымының шығармашылық қызметінің жетекшісі болып Әсел Керім тағайындалды. Бұл бөлім ұйымның жалпы шығармашылық жұмысын дамыту жолында маңызды орын алады.

Әсел Керім Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясында білім алып, магистр атанған. Режиссер және продюсер ретінде көптеген ауқымды мәдени жобаларды жүзеге асырды. Оның шығармашылық ізденістері мен тың бастамалары көрермендерге жаңа әрі қызықты мәдени іс-шараларды ұсынуға септігін тигізбек.

Бұдан бұрын бұл қызметті белгілі әнші, «Құрмет» орденінің иегері Мөлдір Әуелбекова атқарған еді. Қазіргі уақытта Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» ұйымының эстрадалық бөлімін басқарады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: