Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ»

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 14 қарашасында сағат 11.00 – 11.30 аралығында республика бойынша латын графикасы негізінде «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтеді.

Шараның мақсаты – жаңа қазақ әліпбиін насихаттау, латын негізді қазақ әліпбиін практикалық тұрғыда меңгеруге дағдыландыру.

Диктантты арнайы белгіленген орындарда және emle.kz, tilalemi.kz сайттарында, «Шалқар» және Қазақ радио арналарында тікелей эфирде мәтін аудиосын тыңдап, жазуға болады.
Жалпыхалықтық диктант барысы туралы радио,  теледидар арқылы тікелей репортаждар ұйымдастырылады, хабарлар таратылады.
Қажетті ақпаратты emle.kz, tilalemi.kz сайттарынан аласыздар.