X

"Карантиндегі жұлдыз" жобасының қорытындылары

21.05 .

Көрермендендің ыстық ықыласына бөленген "Карантиндегі жұлдыз" онлайн музыкалық жобасы 20 000 000 қаралым жинады.

23 наурыздан бастап "Қазақконцерт" ұйымы ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің ұйымдастыруымен "Қазақтелеком" АҚ бірлесіп, "Карантиндегі жұлдыз" атты бірегей онлайн жобасын өткізгені белгілі. Бұл жоба өнер сүйер қауым үшін карантин кезінде сүйікті музыкалық жобалардың біріне айналды. Әр кеш сайын аспаптық сүйемелдеумен дарынды әншілердің тамаша дауыстары көрермендерді қуантты. Шығарылымдар Қазақтелекомның Youtube каналында онлайн режимде өткізілді. Онлайн концерттер туралы мәлімет Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі, "Қазақконцерт" мемлекеттік концерттік ұйымы және "Қазақтелеком" АҚ әлеуметтік желілері арқылы таратылды. Жоба үшін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында стандартқа сай жабдықталған екі студия бөлінді. Әрбір қазақстандық сүйікті әртістерінің өнерін тамашалап қана қоймай, онлайн чат  арқылы тікелей эфирде олармен сұхбаттаса да алады. Онлайн концерттің көрермендері күн сайын артып отырды.



23 наурыз күні тікелей эфирге шыққан ең бірінші орындаушы - танымал композитор және әнші Жұбаныш Жексенұлы болды, ол 81000 қаралым жинады. Жоба барысында осы уақытқа дейін әртүрлі жанрдағы 50 концерт берілді. Олардың ішінде фольклорлық, классикалық, эстрадалық, аспаптық концерттер берілді, сонымен қатар опера және балет әртістері де өнер көрсетті. Аталған музыкалық жобада барлығы 140 қазақстандық әртістер өнер көрсетті, олардың қатарында елімізге еңбегі сіңген қайраткерлер және мәдениет пен өнер саласының танымал өкілдері де бар. Олар: Роза Рымбаева, Жеңіс Сейдуллаұлы, Алтынбек Қоразбаев, Сәкен Майғазиев, Қыдырәлі Болманов, Қарақат Әбілдина, Нұрлан Абдуллин, Мөлдір Әуелбекова, Құрмаш Маханов, Әміре, Толқын Забирова, Майра Мұхамедқызы, Жәмиля Серкебаева, Айман Мұсақожаева, Жанна Орынбасарова, Бекболат Тілеухан, Медеу Арынбаев, Ғаділбек Жанай, Нұржан Керменбаев, Диная, Ринат Ғайсин, Батырхан Тазабеков, Марсель, Сырымтай Еңсепов, Кенжебек Жанабілов, Қайрат Байекенов, Біләл Ысқақ, Ерболат Төлепбай, Ерлан Рысқали, Акерке Тәжібаева, Клара Төленбаева, Ардақ Балажанова, Айқын, Әлишер Каримов, Бейбіт Қошқалиев, Рүстем Нұржігіт, Жігіттер тобы, Mezzo, Ninety one, Nazima, Луина, Ерлан Байбазаров, Индира Еділбаева, ВИА "Saz and soul”, опера және балет әртістері, Қазақстан Республикасы қарулы күштері ұлттық әскери-патриоттық орталығы ансаблінің әртістері және мәдениет қайраткерлері мен көптеген танымал орындаушылар.

Еске салсақ, Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жобаны жоғары бағалады және қазақстандық әртістерге өз алғысын білдірді. "Карантиндегі жұлдыз" жалпыұлттық жобасын ыждағаттылықпен қараймын, бұл өте керемет бастама",- деп атап өтті Президент. Қазақконцерт және Қазақтелеком Youtube каналында қаралым саны бойынша онлайн концерттердің келесі әртістері көш бастап тұр: Сәкен Майғазиев, Ninety one, Роза Рымбаева, Nazima және Батырхан Шүкеновты еске алуға арналған кеш. Көптеген жанкүйерлердің сұранысы бойынша Роза Рымбаева және Алишер Каримовтың концерттері қайта көрсетілді. 11 мамыр күні музыкалық жобаны қазақстандық әнші Луинаның онлайн концерті аяқтады.

Онлайн концерт барлық көрсетілім бойынша жалпы саны 20 млн қаралым жинады. Бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш және елімізде өткізілген жалпыұлттық жобаның жоғарғы нәтижелілігі және тиімділігі болып табылады. Мәдениет және спорт министірлігі мен "Қазақтелеком" АҚ бірлесіп жасалған жоба біздің мәдениет қайраткерлеріміздің халықпен бірге бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, кез-келген қиындықты жеңуге болатынын дәлелдеп берді, сонымен қатар бұл жоба мәдениет саласындағы қашықтықтан көрсетілетін ең ауқымды және пайдалы жобалардың бастамасы ғана. "Карантиндегі жұлдыз" жобасының онлайн концерттерін Қазақконцерттің YouTube каналында көре аласыздар.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: