Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Жастар жылының салтанатты ашылуы өтті

Бүгін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Жастар жылының салтанатты ашылуы өтті.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жиынында Жастар жылының басталуымен құттықтаған Елбасы «Мен көріп отырған қазақстандықтардың жаңа буыны - Қазақстанның ең орасан жетістігі, Мемлекет басшысы ретіндегі менің жұмысымның нәтижесі. Сіздермен кездесіп отырғаным үшін өте бақыттымын», - деп қуанышымен бөлісті. «Қазақконцерт» атынан әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, мүсінші-гиперреалист Айдос Есмағамбетов және музыкант, "Forte trio" мемлекеттік триосының артисі Мұрат Нарбеков қатысты. Отандық өнердің дамуына үлес қосып, шығармашылық жұмыста тынымсыз еңбек етіп жүрген «Қазақконцерттің» талантты жастары «Жастар жылының» жариялануын ерекше ықыласпен қабылдағанын жеткізді.