Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Ж.Сейдуллаұлының "Саған әнім" шығармашылық кеші өтті

2018 жылдың 1 қараша күні ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші, композитор Жеңіс Сейдуллаұлының «Саған әнім» шығармашылық кеші жоғары деңгейде өтті. Қазақ эстрада жұлдыздарының басым көпшілігі қатысқан бұл мәдени іс-шара Елордамыздың 20 жылдығына арналды.
Ж.Сейдуллаұлының өнердегі ерекше орны барлығымызға мәлім. Көптеген әндері халықтың жадында сақталып, әлі күнге дейін айтылып жүргені сөзсіз. «Саған әнім» ән кешін тамашалауға келген елордалықтар Ж.Сейдуллаұлының жүрекжарды әндерін тыңдап, құлақ құрыштарын қандырды. Бұл кештің ерекшелігі қазақ эстрада өнерінің жұлдыздары оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста ән шырқады.
Жеңіс Сейдуллаұлы танымал әнші ғана емес, сонымен қатар дарынды композитор екені белгілі. Осы орайда, концертке қатысқан көптеген эстрада әншілері Ж.Сейдуллаұлының әндерін орындап, бір сахнада өнер көрсетті. Атап айтар болсақ, Нағима Есқалиева, Роза Рымбаева, Нұрлан Абдуллин, «Музарт» тобы, Медеу Арынбаев, Жеңіс Ысқақова, Жанна Орынбасарова, Жұбаныш Жексенұлы, Төреғали Төреәлі, Мадина Садуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Жанболат пен Жазира, Мұқасан Шахзадаев, Бейбіт Қорған, Нұржан Керменбаев, «KZ» тобы, Рахат Тұрлыханов, Гүлнұр Оразымбетова, Айқын Төлепберген, Әли Оқапов, «Азия» тобы, «Назар» тобы, Қайрат Баекенов сынды қазақ өнерінің саңлақтары қатысты.