Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«Qazaqconcert» МКҰ мен «Qazaq radiolary» серіктестігі Меморандумға қол қойды

2018 жылғы 22 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымы мен «Qazaq radiolary» серіктестігі арасында Меморандумға қол қоюға арналған іс-шара өтті.

«Qazaqconcert» басшысы Жеңіс Сейдуллаұлының айтуынша, еліміздің үздік ұйымдарының ынтымақтастық жөніндегі келісімі мәдени және өнер саласындағы жетістіктерді насихаттаудың, халыққа қол жетімділігін жүзеге асырудың тиімді құралы болады.

Өз тарапынан «Qazaq radiolary» ЖШС басшысы Құрманбек Жұмағали бұл меморандумның маңызы мен артықшылықтарын сөз етіп, ынтымақтастық аясындағы іс-шаралардың маңызы ерекше екендігін айтты. Сонымен қатар «Qazaq radiosy» директоры Серік Абдуалиев пен «Shalqar» радиосының бас редакторы Мұхтар Тұртайұлы қатысты.

«Qazaqconcert» пен «Qazaq radiolary» ұйымдарының екіжақты ынтымақтастық келісімі тараптардың мәдениет пен өнер саласындағы өзара мүдделі іс-қимылдарын одан әрі жетілдіруге бағытталған.

Ұлттың үніне айналған «Qazaq radiolary» әсем әуендері енді «Qazaqstan» орталық концерт залында.