Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

"Qazaqstan" ОКЗ-ға келу ережесі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» РМҚК КЕЛУ ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер
- Осы ережелер қызмет алушыларға (бұдан әрі – келушілер) «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы (бұдан әрі – мекеме) қызметтерін (келіп-кету) пайдалану тәртібін реттейді;
- Мекеме – келушілердің рухани құндылықтарын қанағаттандыру мен қалыптастыру мақсатында келесі қызмет түрлерін көрсету арқылы өз қызметін жүзеге асырады: тұрғындардың сахналық өнерге қажеттілігін есепке ала отырып театр спектакльдерін, кәсіби ұжымдардың концерттерін, фестивальдерді, конкурстарды, көрмелерді, көркем-шығармашылық сипаттағы басқа да шараларды ұйымдастыру.

2. Келушілердің құқықтары мен міндеттері
Келушілер мыналарға міндетті:
-Мекемеге келу Ережесімен танысу;
-орнатылған тәртіпте өзіне және 6 жастан асқан баласына концерт залына кіруге құқық беретін билет немесе өзге бір құжатты алу және оны шараның соңына дейін сақтау;
-шараның басталуына 40 минут қалғанға дейін келу (концерт залының есіктері шараның басталуына дейін 10 минут қалғанда жабылады);
-шараның басталуына дейін сырт киімдерін, бас киімдерін киім ілетін орынға тапсыру;
-концерт залына келуге құқық беретін билет немесе басқа құжатты бақылау үшін көрсету;
-билетке сәйкес концерт залындағы орнына жайғасу, ал даулы жағдайлар туындағанда басқарушы менеджерлерге өтініш жасау;
-қоғамдық орындардағы тәртіп ережесін, санитарлы, өртке қарсы ережелерді сақтау, мекеме мүлігіне ұқыптылықпен қарау, сынған немесе құралдың істен шыққанын байқаған кезде мекеменің қауіпсіздік қызметінің өкіліне немесе басқарушы менеджерге хабарлау;
-мекеме мүлкіне келтірген зиянын толық көлемде өтеу;
-қоғамдық тәртіптің бұзылуын, өрт, түтінді, қараусыз қалған затты байқаған кезде мекеменің қауіпсіздік қызмет өкіліне немесе басқарушы менеджерге хабарлау;
-төтенше жағдайлар туындаған кезде үрей туғызбай, ұйымдасқан түрде басқарушы менеджердің нұсқауымен қауіпті аймақтан кету, ал қажеттілік туындаған жағдайда мекеме ғимаратынан эвакуациялау тәртібінде шығу;

Келушілер мыналарға құқылы:
-осы Ережемен орнатылған тәртіпте іс-шараларға келу;
-өз қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне, сонымен қатар осы Ережемен орнатылған тәртіпте мекемеге келуге сәйкес көркем-шығармашылық шараларды еркін таңдау;
-мекеме көрсететін қызметтің тізімі, олардың тақырыбы және өткізу формасы, ауыстырулар, жас бойынша шектеулер, репертуардағы өзгертулер, сонымен қатар мекеменің жұмыс уақыты мен оның қызметіндегі маңызды өзгерістер туралы қажетті әрі анық ақпаратты алу;
-тиісті сапамен қызмет көрсетуді және театр, көркем, хореографиялық және басқа да өнер түрлерінің саласындағы қызметтерді алу;
-қажеттілік туындаған жағдайда күзет орнындағы және медициналық кабинеттегі алғашқы медициналық көмек аптечкасын пайдалану;

3. Тыйым салынады
-мекемеде сырт киіммен, спорттық немесе лас киіммен, алкогольдік мастану күйінде, наркотикалық немесе басқа да улағыш құралдардың әсерімен болған күйде болу;
-балаларды қараусыз қалдыру!!!;
-шара кезінде ұялы телефонды пайдалану!!!;
-шара кезінде залда орын ауыстыру!!!;
-қару (дәрімен атылатын, суық, газ), арнайы құралдарды (газ баллондары, электрлік естен тандыру қондырғылары, ұшқын құралдары және т.б.) алып келу, тез жанатын, жарылғыш құралдар мен материалдарды, сонымен қатар ірі көлемді сөмкелерді, дестелер және заттарды әкелу;
-арнайы бекітілген жерлерден басқа орында темекі шегу және спирттік ішімдіктерді ішу;
-мекеме әкімшілігімен алдын-ала келісімінсіз сауданы жүзеге асыру;
-қажетсіз өрт дабылының түймешелерін іске қосу, жарықтандыру қалқандарын ашу;
-іс-шара өтетін орынға тамақ пен сусын әкелу;
-мекеме әкімшілігімен алдын-ала келісімінсіз фото- және бейне түсірілімді жүзеге асыру;
-әртістердің сахнадан кетуін күтпестен концерт залынан шығу;
-қызметтік мекенжайларға, сонымен қатар концерт залына билетінің жоғында өтуге мүмкіндік жасау;
-іс-шараға кешігіп келу, ал кешігіп келген жағдайда концерт залына кіруге рұқсат етілмейді, ал билет құны өтелмейді!!!
Осы Ережелердің бұзылуы жағдайында «Қазақконцерт» РМҚК әкімшілігі бұзушыны билет сатып алғанда төлеген ақша қаражатын қайтармай-ақ мекеме аумағынан шығарып тастауға құқылы.

4. Өтініштер мен шағымдарды қарау тәртібі
-көрермендердің өтініштері мен шағымдары Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес әкімшілікке ауызша және жазбаша қаралуы түрінде түсуі мүмкін, қарау мерзімі олардың орнатылған заңнамалық тәртіпте тиісті ресімделген сәтінен бастап он бес күн ішінде. Нақты өтініш бойынша шешім қабылдау туралы ақпарат қызмет алушының пошталық мекенжайына жолданады.

ҚОСЫМША №1
Билет келесі ақпараттардан тұруы тиіс:
1) қызметтің атауы мен түрі;
2) қызметті көрсету уақыты (іс-шараның өту уақыты)
3) шараны өткізу орны, сонымен қатар көрерменнің залдағы орны;
4) қызметтің бағасы.

ҚОСЫМША №2

«Қазақконцерт» РМҚК-ның киім ілетін орнын пайдалану ережесі

Осы Ережелер киім ілетін орынға сақтау үшін заттарды қабылдаумен, олардың сақтығын қамтамасыз ету мен иесіне қайтарумен байланысты қатынастарды реттейді:
1. Іс-шараның ресми жарияланған уақытынан 1,5 сағат бұрын киім ілетін орны жұмысын бастайды.
2. Заттарды сақтауға қабылдау сырт киімге, сонымен қатар аяқ киім және бас киімді қоса, нөмірлі жетонды беру арқылы расталады.
3. Киімді беру бір қолға екі заттан артық емес көлемде, бірақ балалар киімінсіз, жүзеге асырылады.
4. 10 жасқа дейінгі балаларға үлкендердің жетекшілігімен ғана қызмет көрсетіледі.
5. Киім ілетін орынның қызметкері сақтауға киімді, бас киімді, аяқ киімді алады және қабылдаған заттарының жетіспеушілігі немесе бүлінгені үшін жауап береді.
6. Аяқ киім мен бас киім дестелермен қабылданады.
7. Сақтауға ақша, құнды заттар, кілттер, ұялы телефондар мен әйел сөмкелері, сонымен қатар тамақ өнімдері қабылданбайды.
8. Затын сақтауға берген тұлға нөмірлік жетонды жоғалтып алған жағдайда заттарын қайтару тек киім ілетін орынның жұмысы аяқталғаннан кейін ғана жеке басын куәландыратын құжаттың барында, мекеменің Қауіпсіздік қызметі қызметкерінің қатысуымен жүзеге асады. Заттарды беру кезінде тиісті акт арқылы ресімделуі тиіс, оның үстіне заттарды алуға үміттенген тұлға заттардың оған тиесілігін дәлелдеу керек (куәландырғыш көрсеткіш, чектар және т.б.)
9. Келуші жоғалтқан нөмірлік жетонның толық құнын өтеуге міндетті – 3200 теңге.
10. Заттардың бүліну, жоғалу қаупі туындаған жағдайда киім ілетін орынның жұмыскері затын тапсырған тұлғаның келісімін күтпей-ақ сақтау орнын, әдісін және басқа да шарттарын өзгертуге құқылы.
11. Киім ілетін орынның жұмыскері заттарын алу үшін нөмірлік жетонды ұсынушының құқықтарын тексеруге міндетті емес.
12. Киім ілетін орында ұмытылып қалған немесе іс-шарадан кейін көрермен сұранысына түспеген заттар мекеменің Қауіпсіздік қызметінің тексеруіне жатады.

Тыйым салынады:
1. Киім ілетін орынға газ баллондарын, тез жанатын және жарылғыш заттар мен матералдарды, химиялық және дәрілік өнімдерді, сонымен қатар ірі көлемді мүліктер мен ауыр сөмкелерді тапсыру;
2. Нөмірлік жетондарды үшінші тұлғаларға тапсыру;
3. Салдыр-салақ, таза емес күйдегі (батпақпен, мазутпен, сырмен ластанған) заттарды сақтауға беру;
4. Өзге тұлғалардың киім ілетін орынға кіруі.

Жоғарыда аталған ережелердің бұзылуы жағдайында қараусыз қалған заттардың сақтығы үшін «Қазақконцерт» РМҚК әкімшілігі жауап бермейді.