Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Премьера!

Елорда төрінде Гиннестің рекордтар кітабына енген әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris» мюзиклінің премьерасы өтті. Бұл мюзикл Астанада алғаш рет қойылуда. Шынайы ғашықтық пен сатқындық хикаясы, сенiм мен ғажайыпқа толы қойылым кɵрермендердi тамсандырғаны залдағы қошеметтен байқалды. Сахнада XX ғасырдың ең үздiк əндерi шырқалды. Астана тұрғындары үшiн әлемдiк мюзикл естен кетпес оқиға болары анық. Ерекше атмосфера сыйлайтын француздық шансон желiсiндегi мюзиклдi талантты артистердiң орындауында 24 желтоқсанға дейiн Бейбiтшiлiк жəне Келiсiм Сарайында тамашалай аласыздар.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Qazaqconcert» мемлекеттік концерттік ұйымы ұйымдастыруымен қазақ тілінде сахналанатын  «Notre Dame de Paris» қойылымы отандық театр өнері үшін жаңа жетістік, тың жаңалық болды.

Дүниежүзін таңқалдырған «Notre Dame de Paris» мюзиклінің 20 жылдығы елордамыз Астананың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр. Алғаш рет 1998 жылы Париж қаласында қойылған мюзикл әлемнің 9 тіліне аударылған. Енді, Қазақстан атақты мюзиклді өзінің мемлекеттік тіліне аударған оныншы ел болып отыр. Елбасы ұсынған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асатын «Notre Dame de Paris» қойылымы заманауи Қазақстанның тарихындағы айтулы оқиға болары сөзсіз.

«Notre Dame de Paris» мюзиклінің түпнұсқасымен сәйкес келетін қазақ тіліндегі қойылым өзінің түпкі сарынын сақтап қалды. Қойылымның басты ерекшілігі мен жетістігі – қойылымда өнер көрсететін талантты вокалистер, актерлер, акробаттар мен бишілер еліміздің барлық аймағынан іріктеліп, 5 ай бойы қатаң кастингтен өткен отандық өнерпаздар. Бұл қойылымға жетекшілік ететін мюзикл авторлары Р.Коччанте мен Л.Пламондон, сондай-ақ француздық продюсерлер мен режиссерлер қазақстандық әртістердің жұмысына жоғары баға беріп отыр. Ал либреттоны қазақ тіліне аударған – белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы.