Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Неміс романтикасы

17 қазан күні «Қазақконцерт» МКҰ шығармашылық ұжымы – «Форте-трио» мемлекеттік триосының музыканттарының «Форте-трио» шақырады» топтамасынан «Неміс романтикасы» атты концерті өтті.
Сахнада трио құрамында талантты музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары скрипкашы Динара Базарбаева-Сахаман, виолончелист Мұрат Нарбеков, ұжымның көркемдік жетекшісі, атақты пианист Тимур Урманчеев өнер көрсетті. Кеш қонақтары – ҚР еңбек сіңірген қайраткері баритон Азамат Жылтыркөзов пен альтист Ольга Калько.
Концерт шынайы музыка мерекесіндей өтті. Бұл кеште өнерді бағалаушыларға неміс романтикасының музыкасы ұсынылып,  Феликс Мендельсон-Бартольди, Роберт Шуман, Йоганес Брамс сынды композиторлардың шығармалары ойналды.
Көрермендерге Ф.Мендельсон-Бартольдидің соңғы шығармаларының бірі – №2 фортепианолық триосы до минор шырқалды. Тыңдармандарға сондай-ақ Р.Шуманның әйгілі вокалдық топтамасы – оның жанына жақын болған Генрих Гейне өлеңдеріне жазылған «Ақын махаббаты», сонымен қатар Й.Брамстың №1 фортепианолық квартеті соль минор және ор. 25 туындысы орындалды.