Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Елбасы жолдауының қағидаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел

29 қазан күні «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауының негізгі мақсат-міндеттерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараға спикерлер ретінде «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдуллаұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі композитор Серік Жексембеков, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері Серік Сапиев, Белгілі ақын, қазіргі ұлттық айтыс өнерінің жарқын өкілі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Серікзат Дүйсенғазы қатысты.
Спикерлер биылғы Жолдау барша қазақстандықтардың жағдайын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік өзгерістердің кешенді бағдарламасы екендігін атап өтті. Жеңіс Сейдуллаұлының айтуынша, Жолдауда айтылған мақсат-міндеттер халықтың әл-ауқатын арттырып, көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етері сөзсіз. Серік Сапиев өз сөзінде Жолдауда айтылған негізгі бағыттар еліміздегі ең өзекті әлеуметтік сұрақтарды оңтайлы шешуге жол ашатынын айтты.
Серікзат Дүйсенғазының пікірінше, Елбасы жаңа Жолдауында балабақшадан бастап жоғары оқу орнына дейінгі кезеңде білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге баса назар аударып, нарық сұранысына сəйкес мамандықтарға бейімдеуге, білім сапасын бағалауды халықаралық стандарттарға негіздеуге көңіл бөлді.
Жолдаудың негізгі қағидалары «Қазақконцерт» ұйымы тарапынан кең қолдауға ие болды.