Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Медаль табыстау

Бүгін Мәдениет және спорт министрлігі ҚР «Орталық мемлекеттік архиві» отандық эстрада өнеріне өшпес із қалдырған, атақты музыкант Батырхан Шүкенов, белгілі композитор Байғали Серкебаевтың және музыкант Наджиб Вильдановтың 20 жыл архивте сақталған медальдарын «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымына табыстады.

Қайраткерлердің естелік медальдарын табыстау рәсіміне «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының басшысы Ж.Сейдуллаұлы және «Орталық мемлекеттік архив» директоры Арнұр Қарымсақов қатысты.

1999 жылы аталған қайраткерлер «Ауған соғысының ардагері», «Кеңес Одағы әскерінің Ауған жерінен шығарылуының 10 жылдығына орай» естелік медалдарымен марапатталған. Алайда мемлекеттік наградалар белгілі бір себептерге байланысты табысталмай қалған. Бұл наградалар «Қазақконцерт» қорында сақталып, Ауған соғысының 30 жылдығында Б.Серкебаев, Н.Вильданов және Б.Шүкеновтің анасына табысталады.