Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Есләм Нұртазин АҚШ елшілігінің мәдениет және білім беру жөніндегі атташе орынбасарымен кездесті

«Astana musical» мемлекеттік театрының көркемдік жетекшісі Есләм Нұртазин Америка Құрама Штаттары елшілігінің мәдениет және білім беру жөніндегі атташе орынбасары Ланс Эриксонды қабылдап, «Қазақконцерт» МКҰ-ның қызметімен танысты.
«Біз Ланс Эриксон бастаған АҚШ елшілігінің бір топ өкілдерімен кездесіп, «Қазақстан» ОКЗ-ның барлық залдарын көрсетіп, ғимараттың ішіне экскурсия ұйымдастырдық. Үлкен залдың әдемілігіне ғана емес, техникалық мүмкіндіктеріне де тәнті болған меймандар таңданысын жасырмады. «Қазақконцерт» МКҰ-ның құрамында тек «Astana musical» театры ғана емес, басқа да түрлі жанрларда өнер көрсететін ұжымдардың да барын айттық. Соның ішінде «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі, «Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі, «Saz&soul» тобы, және тағы да басқа эстрадалық, дәстүрлі әншілерімен танысты», – дейді театрдың көркемдік жетекшісі. Өз кезегінде елшілік тарапы болашақта бірнеше жобаны қолға алып, «Қазақконцерт» МКҰ-мен бірлесіп атқаруды жоспарлап отырғандарын жеткізді. Америкалық өнер қайраткерлерімен қазақстандық әртістердің әріптестік орнатып, нақты қандай жобаларды қолға алынатыны жақын арада белгілі болады.