Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Елбасы жолдауын қолдау

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұжымы 14 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Аталмыш іс-шараның спикерлері: директордың орынбасарлары Е.Дакенов және А.Кузембаева; «Астана сазы» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, Халықаралық «Шабыт» жастар фестивалінің лауреаты Бауыржан Ақтаев; «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі, «Құрмет» грамотасының иегері, дәстүрлі әнші Асқар Мұқият; танымал тележүргізуші, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Гүлназ Әлімгерей; «Астана мюзикл» мемлекеттік театрының әртісі Расул Усманов.

Іс-шара барысында биылғы Жолдау барша қазақстандықтардың жағдайын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік өзгерістердің кешенді бағдарламасы екендігі атап өтілді. Дөңгелек үстелге қатысқан ұжымның жас таланттары Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауын ерекше ықыласпен қабылдағанын жеткізді. Спикерлер еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға арналған бұл Жолдауда Президент болашақта атқарылатын істерге тоқталып, қоғамның әр мүшесіне жауапкершілік жүктейтін мақсат-міндеттер туралы сөз қозғады.

Жолдаудың негізгі қағидалары «Қазақконцерт» ұйымы тарапынан кең қолдауға ие болды.