Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

ҚР Тұңғыш Президентi - Елбасы қоры сыйлығының лауреаттары

Мəдениет жəне ɵнер саласындағы жоғары жетiстiктерi үшiн "Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблiнiң кɵркемдiк жетекшiсi Ақтаев Бауыржан Жаңбырбайұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентi - Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атанды. Ата-бабамыздан қалған бай мәдени мұраны сақтап, қазақ елінің төл дәстүрін терең меңгеріп, халық музыкасы арқылы ұлттық құндылықтарды жаңғыртып жүрген Бауыржан Жаңбырбайұлын ұжым атынан шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен сарқылмас шабыт тiлеймiз!


«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының концертмейстері, халықаралық байқаулардың лауреаты, белгiлi пианист Дина Мирманованы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты атануымен құттықтаймыз. Дина Мирманова елдің қоғамдық және мәдени өміріне қосқан үлесі, жоғары кәсіби шеберлігі және жоғары шығармашылық белсенділігі үшін марапатталды. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының атынан сізді шын жүректен құттықтап, шығармашылық өрлеу тілейміз. Еңбегіңіз елене бергей!