Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Британдық кеш концерті өтті

Әйгілі «The Beatles» тобының репертуарындағы ең үздік хиттері орындалған «Британдық кеш Астанада» концерті өтті.

«Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі, ҚазҰӨУ хоры, «Saz&soul» тобының сүйемелдеуімен өткен концертте Рүстем Жүгінісов, Ербол Тәжібаев, Айна Қалмағанбетова, Салтанат Меңдығалиева, Гүлнар Көшенова және «Ағайынды Жүгінісовтер» өнер көрсетті. Дирижерлық тұғырда симфониялық оркестрге арналған «Битлздің» барлық хит әндері жинақталған бағдарламаның иегері, атақты мальталық дирижер Алан Киркоп жетекшілік етті.

«Ұлы төрттіктің» атақты хиттері орындалған классикалық рок-н-рол атмосферасына толы «With The Beatles» концерті өнерді бағалайтын жандарға естен кетпес мереке сыйлағаны сөзсіз.