Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

"Астана сазы" этно-фольклорлық ансамблінің алғашқы концерті

«Астана сазы» этно-фольклорлық ансамблі Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы дала сазы» атты алғашқы концертін берді.  

Ансамблдің жетекшісі, атақты композитор Бауыржан Ақтаев өз сөзінде: «Осы концертке барынша қазақилықты салуға тырыстық. Озық музыкалық дәстүрді көрсету мақсатында шертпе күйді де, төкпе күйді де жеке ойнаттық, әншіні де жеке шығардық, және де өзіміздің этно-фольклорлық аспаптарымызда жетіген, сыбызғы, сазсырнай, тіпті тарих сахнасынан жоғалып кетуге сәл қалған аспаптардың бірі шаңқобызда (жигяч) да жеке ойнап көрсеттік. Сол аспаптарда өнер сүйер қауымның алдында ойнап, қазақ халқының рухани байлығын насихаттауды мақсат тұттық», - деп атап өтті.

Көрермендерге бұл кеште заманауи композицияларды тыңдау мүмкіндігі туды. Фольклорлық ансамбль ғасырдан-ғасырға жеткен әуеннің әуезділігін сезінттіріп, халық композиторларының туындыларын әртүрлі аспапта естіртіп, естен кетпес кеш сыйлады.