Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

"100 Жаңа есім" жобасының жеңімпаздары

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жаңа таланттардың танылуына үлкен жол ашты.  

Ұлт руханиятының жаңаша өркендеуіне өз үлесін қосып, 2 500-ге жуық үміткерден өнерімен озып шыққандардың қатарында грим жасау шеберлігін жетік меңгерген суретші әрі мүсінші Айдос Есмағамбетов және Қазақстандағы жалғыз контртенор опера әншісі Батыржан Смақов бар.  

Айдас Есмағамбетов – мүсін жасау өнерінің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, шығармашылық жұмыста тынымсыз еңбек етіп жүрген талантты азаматтардың бірі. Гиперреализм бағытында силиконнан мүсін жасайтын шеберлер Қазақстанда өте аз. Айдос жасаған образдар идеялық, композициялық ерекшеліктерімен құнды. Атап айтқанда, «Астана мюзикл» театры сахналаған «Ер Төстік», «Мюзикл әлеміне саяхат», «Ромео мен Джульетта», «Қыз Жібек», «Нотр Дам де Пари» мюзиклдеріндегі кейіпкерлердің керемет бейнелерін жасап, барша көрермендерді таңқалдырды.

Батыржан Смақов – «Гран-при Санкт Петербурга», «Concorso della Musica Sacra» сынды халықаралық байқаулардың лауреаты. Әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде Италия, Грузия, Франция, Египет, Иордания, Ресей, БАӘ, Польшада концерт берді. «Жас Дарын» (Қазақстан), «Tanysu» (Сан-Марино), «Jumeirah Sounds» (БАӘ) халықаралық байқауларында әділқазылар мүшесі, «Астана Опера» театрының шақырылған солисі, ҚазҰӨУ аралас хорының көркемдік жетекшісі мен дирижері, Италиядағы «Coro lirico Perla Verde» хорының шақырылған дирижері ретінде отандық музыка өнерін әлемге танытып жүр.

«Жастар жылы» аясында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атануы «Қазақконцерт» өнерпаздарының шабытына қанат байлап, өміріне тың серпіліс берді. Елімізді жарқын болашаққа бастайтын жастардың алдыңғы шебінде тұрған жеңімпаздардың Ұлы Дала Елінің өнері мен мәдениетін дамыту жолында жасап жүрген еңбегіне толағай табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз!