Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Құттықтаймыз!

Құрметті Арыстанбек Мұхамедиұлы!

«Қазақконцерт» ұжымы Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтайды! Еліміздің мәдениет пен спорт саласының өркендеуіне қосып жүрген ерен еңбегіңізге алғыс білдіре отырып, Сізге деніңіздің саулығын, ғұмыр жасыңыздың ұзақтығын тілейміз!

Сіздің басшылығыңызбен ұлттық мәдениетіміздің жауһарлары халық арасында кең танылып, әлемдік деңгейде насихатталуда. Мәдениет және спорт саласындағы ірі жеңістеріміз әр қазақтың бойына қуаныш ұялатып, рухын асқақтата түсті. Өзіңіз сияқты ерен еңбектің үлгісі болатын, жауапкершілігі жоғары тұлғаның қарамағында жұмыс істеу жаңа бастамаларға жігерлендіріп, игі істерге жетелейді.

Тәуелсіз елімізді дамыту жолында жасап жүрген ізгілікті істеріңізге сәттілік тілей отырып, алдағы уақытта да мәртебеңіз биік, мерейіңіз үстем болсын!