Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

3500 ОРЫНҒА АРНАЛҒАН КОНЦЕРТ ЗАЛЫ

«Қазақстан» Орталық концерт залы – алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталған, әлемдік және отандық концерттерді, салтанатты іс-шаралар мен ресми кездесулерді, көрмелер мен конференцияларды өткізуге арналған ірі кешен. Концерттік залды 2009 жылғы 16 желтоқсанда Елбасы Н.Ә.Назарбаев салтанатты түрде ашты.
Бірегей, теңдесі жоқ кешенді құру идеясын Мемлекет басшысы ұсынған еді Авторы әлемдегі белгілі жобалаушылардың бірі Манфреди Николетти болып табылатын «Қазақстан» Орталық концерт залының даңқы қазіргі күннің өзінде австралиядағы «Сидней» опера театрының атағымен бірдей. 
2016 жылдан бастап «Қазақстан» орталық концерт залында еліміздің ең ірі концерттік ұйымы – «Қазақконцерт» еңбек етуде.
Осындай ерекше жоба ТМД мемлекеттерінің шеңберінде жоқ және бұл Қазақстан Республикасының маңызды архитектуралық құрылымдарының бірі болып табылады.

«Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында өзінің бірегей сәулет және акустикалық сипаттары бойынша 3 500 орынға арналған ерекше зал орналасқан. «Қазақконцерттің» үлкен залы 4 секторға бөлінген:
• Партер (488 орын);
• Бельэтаж (543 орын);
• Балкон (1804 орын);
• Галерея (396 орын).
Бұл залды трансформер деп те атайды. Себебі жеке ілінетін перделер арқылы зал визуалды түрде кішірейе алады. Арнайы перде залдың жоғарғы деңгейі – галереяны, сонымен қатар үшінші деңгей – балконның бірнеше секторын бөліп тастайды. Осылайша 3 500 орынға арналған зал, оңайлықпен 2 000 орындық залға айнала алады. Қазақтың ұлттық домбыра музыкалық аспабы үлгісінде жасалған көрермен залы немесе атриум симфониялық немесе эстрадалық концерт, кинокөрсетілім өткізуге бейімделе алады.
Атриум ішкі және сыртқы жағынан акустикалық ерекшелікті айқындай түсетін арнайы ағашпен қапталған. Тіпті концерт залының едені жоғары тозуға төзімді арнайы паркетпен жасалған және аса бейнелі акустикалық бейімділікпен жатқызылған. 
Залдағы ерекше орындарды бірі – сахна (ауданы 274 кв.м.). Ол екі бөліктен тұрады. Алдыңғы бөілігі оркестрге арналған  және онда оркестр үшін арнайы шығатын есіктер бар. Сахнаның артқы бөлігінде хорға арналған 7 хор қабаты орналасқан. Оркестрлік шұңқырдың тереңдігі 4,5 м-ге жетеді. Сахнаны көпфункционалды, жалғыз дистанционды пульт арқылы бір адам басқара алады. Сахнаның үстінде, оның ең орталық нүктесінде  «Renkus-Heinz» американдық фирмасының дыбыстық класстері орналасқан. 
Акустикалық жүйенің мақтанышы арнайы итальян технологиясы бойынша жасалған, міндеті әртүрлі бұрыш көлбеулерін ала отырып, концерттің акустикалық дыбысталуын толық жетілдіруге арналған 22 үлестіргіш-гүл жапырағы түріндегі реттегіштер де бар. Егер қабырғаға назар аударатын болсақ, онда арнайы акустикалық тартылу мен дыбысты кері итеру әсері бар қабырғалық перделерді көруге болады. Перделерді басқару арналған бағдарламасы бар жеке компьютер арқылы жүзеге асырылады. Дыбысты қабылдауды жақсарту үшін арнайы акустикалық қондырма концерт залының креслоларының төменгі жағында орналасқан. 
14х8 метр көлемді кең форматты экранның бары бейнені кез келген форматта, соның ішінде ең алдыңғы қатарлы – Blue Ray форматында көрсету мүмкіндігімен әртүрлі кинокөрсетілімдер мен бейне-презентацияларды өткізуге арналған. Люкс санатты жарық құралдары 400 әртүрлі жарық конфигурацияларына ие және ең батыл жарық идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі күнде мұндай бірегей жоба ТМД-ның бірде-бір елінде жоқ және ол сөзсіз Қазақстан Республикасындағы мәдениет орталықтары мен сәулет ғимараттарының ең маңыздыларының бірі болып табылады.