X

Бағдат Сәмединова

Суреттер

    Бағдат Самединова – белгілі эстрадалық әнші, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 


    Білімі: 

•    1973-1975 жж. – Республикалық эстрада өнері студиясы, «Артист» мамандығы;

•    1986-1992 жж. – Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті, «Филология» мамандығы;

•    2012 ж. – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің «Эстрадалық өнер» мамандығы бойынша магистр дәрежесі 


    Шығармашылық жетістіктері: 

•    1985  – Республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты;

•    1995  – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі;

•    1996  – қырғыздың халық әндерін кәсіби деңгейде орындап жүргені үшін Қырғызстанның А.Малдыбаев атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты;

•    1998  – «Астана» медалі;

•    2000  – «Азия дауысы» халықаралық музыкалық фестивалінің лауреаты;

•    2003  – «Ерен еңбегі үшін» медалі;

•    2011  – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;

•    2011  –  «Құрмет» орденінің иегері;

•    2016  – «Қазақ хандығына 550 жыл» медалі;

•    Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жыл және 20 жылдығына арналған медальдарымен марапатталған.



    Репертуар:

•    «Отырардағы той»   (әні: Ш.Сариев, сөзі: С.Асанов);

•    «Елің барда»   (әні: А.Бажанова, сөзі: А.Бейсенхан);

•    «Сарыарқа»  (сөзі: Н.Назарбаев, әні: А.Қоразбаев);

•    «Өмір солай»  (әні: Н.Торекулов, сөзі: Б.Беделхан);

•    «Сәлем,Астана» (әні: С.Аймаханова, сөзі: Б.Әлімқұлов);

•    «Наурыз»  (әні: Нұрым, сөзі: Б.Әлімқұлов);

•    «Туған жерім» (әні: А.Малдыбаева, сөзі: И.Сапарбай);

•    «Қазақстан» (әні: А.Қоразбаев, сөзі: Ж.Молдагалиев);

•    «Ұстаз үшін» (әні: В.Питерцев, сөзі: Ш.Сариев);

•    «Мен даланың қызымын» (әні: О.Жәутіков, сөзі: К.Ахметова);

•    «Өмір-бағым» (әні: А.Бексұлтан, сөзі: А.Бейсенхан);

•    «Сен қаласаң» (әні: М.Жәутіков, сөзі: К.Әлпейсова) ;

•    Дүние-ай, Қалқам-ай, Пай-пай т.б. халық әндері;

•    «Астана» (әні: А.Қоразбаев, сөзі: Қ.Тоянов).


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: