X

Азамат Жылтыркөзов

Суреттер

    Азамат Жылтыркөзов – белгілі опера әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Тұңғыш Президентi- Елбасы қоры сыйлығының иегері, Еуропа Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі. Азамат Жылтыркөзов өзі негізін қалаған «Вокал академиясы» РҚБ төрағасы болып табылады.


    Білімі:

2001-2005 жж. – ҚазҰМА мектеп-колледжі 

2005-2009 жж. – ҚазҰӨУ бакалавриаты  

2013-2015 жж. – Комитас атындағы Ереван мемлекеттік консерваториясының магистратурасы (Ереван, Армения Республикасы)


    Шығармашылық жетістіктері:


2005  – XXVI Республикалық жас орындаушылар  байқауы –  I премия (Шымкент)

2005  –  VIII Халықаралық «Очарование романса» байқауы  –  II премия (Шымкент)

2005  – К. Байсеитова атындағы  VIII Республикалық әншілер байқауы– «Тілеп» және «Үміт» арнайы сыйлықтары (Астана қаласы)

2005  – Ғ. Жұбанова атындағы I Аймақаралық байқау– II премия (Астана) 

2006  – I Халықаралық «Жұбанов көктемі» байқауы –  II премия (Ақтөбе) 

2006  – ТМД елдері арасындағы жастардың IV дельфий ойындары – алтын медаль (Астана)

2006  – IX Халықаралық «Шабыт» байқауы  – I премия (Астана) 

2007 – С. Монюшко атындағы VI Халықаралық байқау– Польша музыкалық академиясының арнайы сыйлығы (Варшава қаласы, Польша)

2008 – П. Лисициан атындағы I Халықаралық баритондар байқауы – 

диплом және «Бастау» сыйлығы (Мәскеу қ., Ресей)

2008 – Н.Тілендиев атындағы I Халықаралық байқау – Гран-при, Астана қ. әкімдігінің сыйлығы (Астана қаласы)

2008 – XXIII Халықаралық «Жас таланттар» байқауы – I премия (Сан-Барталамео қ., Италия)

2008 – «Золотой дуб» халықаралық байқауы– IV премия (Италия)

2008 – Н. Сабитов атындағы VII Халықаралық байқау–II премия (Уфа қ., Ресей)

2009 – Мирьям Хелин атындағы VI Халықаралық байқау – IV премия (Хельсинки қ., Финляндия)

2010 – Б. Төлегенова атындағы  IV Халықаралық байқау – Гран-при (Алматы қаласы)

2010 – А.В. Нежданова атындағы I Халықаралық байқау –    I премия (Одесса қ., Украина)

2010 – Бюль-Бюль атындағыV Халықаралық байқау – Гран-при (Баку қ., Әзербайжан)

2010 – ҚР «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты

2011 – Қазақстан Республикасының  Еңбек сіңірген қайраткері

2012 – Мария Биешу атындағы Халықаралық опералық әншілер байқауы – I премия (Кишинев қ., Молдова)

2014  – Г. Свиридов атындағы V Халықаралық камералық әншілер байқауы–  I премия және арнайы сыйлық (Курск қ., Ресей)

2015  – Рустем Яхин атындағы  IV Халықаралық камералық әншілер мен концертмейстерлер байқауы – I премия (Қазан қ., Ресей)

2015  – ҚР Президенті Н. Назарбаевтың атынан Құрмет грамотасы 

2016  – ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры сыйлығының лауреаты

2016 – ТМД елдері арасында «Содружество дебютов»  Халықаралық сыйлығының лауреаты (Бішкек, Қырғызстан Республикасы)

2016  – ҚР БҒМ Жоғары аттестациялық комитетінің ассоциациялық профессоры

2017  – А. Хачатурян атындағы  XIII Халықаралық әншілер байқауы – II премия және арнайы сыйлықтар (Ереван қ., Армения Республикасы)

2018  – Дж. Россинидің 150 жылдығына арналған  XV Халықаралық «Citta di Pesaro» байқауы – I премия (Пезаро қ., Италия)

2018 – Еуропа Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (Ганновер қ.,Германия)


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз: