Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК...» поэтикалық-музыкалық қойылымы

2018 жылғы 11 желтоқсан күні сағат 19.00-де «Astana Musical» мемлекеттік театры қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «ЖЫРЛАЙДЫ ЖҮРЕК...» поэтикалық-музыкалық қойылымын ұсынады.

Мұқағали Мақатаев – қара өлеңнің көшін қара нардай алға сүйреген ашық бояулы, анық үнді ақын. Ақынның өлеңдері өз деміндей, өз тынысындай шынайы. Туған жер, өскен өлке, ана тілі, тарихымыз, салт-дәстүріміз – Мұқағали жырларының негізгі өзегі. Мұқағалиды оқырмандарымен қайта қауыштыру – поэзия патшалығына саяхат, өлең өлкесінде еркін серуендеу. Ақын өлеңдеріне құрылған диалог негізінде, оның өмірін сахналайтын қойылымда ақынның өлеңдеріне жазылған әндер де шырқалады.

Поэтикалық-музыкалық кеште «Астана Мюзикл» артистері М.Мақатаевтың әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелейтін шығармалары негізінде тың дүниені көрермен назарына ұсынбақ. Қойылымның режиссері – Аман Гумаров.
Билет сатып алу