Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Жас дарындар

«Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі 13 ақпан күні сағат 16:00-де Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында өтетін «Жас дарындар» концертіне шақырады.

Бұл кеште Қазақстанның алдынғы қатарлы ұжымдарының бірі «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің сүйемелдеуімен жас талантты орындаушылар өнер көрсетеді. Дарындар жас болса да, орындаушылық шеберліктері жоғары.  

ҚазҰӨУ мектебінің жас өрендерінің орындауында Й. Гайдн, В.А. Моцарт, Ф. Мендельсон, К.Сен-Санс, О. Риддинг және басқа көптеген атақты шетелдік композиторлардың шығармаларын тыңдай аласыздар.

Концерт Львов мемлекеттік филармониясының бас дирижері Айдар Торыбаев жетекшілігімен өтеді.
Билет сатып алу