Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

"Жаңа жылдық кездесу" концерті

5 желтоқсан күні «Қазақстан» ОКЗ астаналықтар мен қала қонақтарын керемет жаңа жылдық концерт күтуде. Елордамызда алғаш рет «QAZAQCONCERT» мемлекеттік концерттік ұйымы және  «ХАБАР» агенттігі «Жаңа жылдық кездесу» жаңа концертін ұсынады.

«Жаңа жылдық кездесу» еліміздегі теңдессіз концерт болғалы тұр, себебі бір сахнада  шоу-бизнестің барлық танымал жұлдыздары өнер көрсетеді. Бұл кеште көрермендерді қазақ эстрадасының әншілері қуантпақ. Атап айтар болсақ, Жеңіс Сейдуллаұлы, Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Жеңіс Ысқақова, Сәкен Майғазиев, Жұбаныш Жексенұлы, Лұқпан Жолдасов, Қыдырәлі мен Қарақат, Жанболат пен Жазира, Мадина Садуақасова, Ерлан Көкеев, Мөлдір Әуелбекова, Дастан Оразбеков, Айқын Төлепберген, Жұлдыз Өмірғали, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов, Ғаділбек Жанай, Бейбіт  Құшқалиев, Әлішер Каримов, Дильназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова, Марсель, Диас Аблаев, Kental, Қайрат Баекенов, Төреғали Төреәлі, Кәмшат Жолдыбаева, Ерке Есмахан, Айдана Меденова, Жанна Орынбасарова, Оралхан Алтынбеков, Динара Сұлтан, Рүстем мен Айжан Жүгінісовтер,Индира Еділбаева, Ziruza, Ayree.

Өздерінің жарқын өнерлерін көрермендердің жүрегінен орын таба білген Формат, Райм&Артур, Кешью, Ұлытау, Назар, Mad Men, Самал, А-приори, Black Star Kz, Алар сынды ең танымал музыкалық топтар да өнер көрсетеді.

Көрермендерді қазақ жұлдыздарының жаңа образдары, таптырмас шоу және күтпеген дуэттер ерекше және естен кетпес әсер қалдырары сөзсіз.

Егер сіз үздік әншілер мен үздік әндерді тыңдап, көргіңіз келсе, ұтысқа қатысып, билет ұтып алыңыз!
Ұтыс ойынының шарттары:
• инстаграмдағы «zhana_zhyldyk_koncert» парақшасындағы афиша постының астына 5 досыңызды белгілеп,
• «qazaqconcert», «khabartv»  және «zhana_zhyldyk_kezdesu» парақшаларына жазылуыңыз керек.

Барлығы 400 билет ойнатылады.
Ең жақын орындар (партер)! Әр жеңімпаз 2 билетке ие болады.

Қосымша билет: ticketon.kz  сайтында
Билет құны: 500-2000 тг (бельэтаж, балкон, галерея)

Байқау қорытындысы 30 қараша күні сағат 16:00-де осы парақшаның тікелей эфирінде random.org сайты арқылы көрсетіледі.

Астана қаласының ұмытылмас оқиғасының куәгері болу мүмкіндігін өткізіп алмаңыз.


Билет сатып алу