Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«Сиқырлы флейта» концерті

8 қараша күні сағат 19:30-да  "Қазақстан" орталық концерт залында XXI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі аясында «Сиқырлы флейта» концерті өтеді.

Бұл кеште әлемге әйгілі италияндық флейтист Джузеппе Нованың жеке орындаушылық өнердің шеберлігін көрсетеді. Италияндық маэстроның қолындағы флейтаның нәзік әрі әуенді дауысы көрермендерге эстетикалық көңіл сыйлап қана қоймай, тұңғиық әрі мәнерлі музыкамен тамсандырары сөзсіз.

Концертте «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі де өнер көрсетіп, флейтаның әртүрлі көркемдік мүмкіндіктерін көрсетеді. Танымал ұжым музыканттарының интерпретациясы шынайылығымен өзекті.

Дирижерлік тұғырда – австриялық дирижер Эрнест Хойцел өнер көрсетеді. Европа, Америка, Қытай, Израиль, Ресей елдеріндегі айтулы концерттік алаңдарда өнер көрсеткен Эрнест Хойцел.  Концертте Ф. Девьенның флейтаға арналған №7 концерті, Л.В.Бетховеннің №4 симфониясы сияқты туындылар орындалады. Әлем композиторларының әйгілі туындылары мен музыканттардың виртуозды ойыны классикалық музыканы бағалаушыларға керемет мерекелік кеш сыйлайды.
Билет сатып алу