Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Солистер академиясы

7 ақпан күні сағат 19:30-да «Qazaqstan» орталық концерт залында «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің концерті өтеді. 

Бұл кеште өнер сүйер қауымға өзінің орындаушылық шеберлігін белгілі италияндық скрипкашы Эдоардо Зоси (Edoardo Zosi) ұсынады. Талантты музыкант Эдоардо Зоси көптеген халықаралық музыкалық фестивальдарға жиі қатысып, Сальваторе Аккардо, Пьер Амояль, Пол Бадура-Шкода, Бруно Канино, Энрико Диндо, Рокко Филиппини, Игорь Левит, Пламена Мангова, Антонио Менезес, Фазыл Сай, Анатолий Угорский сынды атақты артистермен бірге өнер көрсетеді. 

Атақты скрипка шебері Карло Бергонцидің 1739 жылы жасалған скрипкасымен өнер көрсететін Эдоардо Зоси «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрімен бірге Иоганес Брамстың 1-симфониясын орындайды. Көрермендер аталмыш туындыға тән эмоциялық шиеленіс, лирикалық музыкалық бейнелердің сан алуандығын, романтикалық тебіреністі сезіне алады. Сонымен қатар концерт бағдарламасында композитор Отторино Респигидің «Concerto Gregoriano» концерті орындалады.

Дирижерлік тұғырды Львов мемлекеттік филармониясының бас дирижері Айдар Торыбаев басқарады. 


Билет сатып алу