Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

«Музыкалық қобдиша – Вена» концерті

1 қараша күні сағат 19:30-да Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж.Жабаев атындағы концерт залында XXI Халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар байқауының аясында «Музыкалық қобдиша – Вена» концерті өтеді.

Вена – Европа музыкалық мәдениетінің орталығы, ол ең үздік музыкалық туындыларды жинаған қобдиша іспеттес. Бұл күні сахнада әлем классика қазынасынан атақты вен композиторларының туындылары орындалады. Атап айтар болсақ, В.А.Моцарттың екі фортепиано мен оркестрге арналған KV 365 концерті, Л.В.Бетховен N 4 симфониясы. Бұл авторлардың композиторлық туындылары әлем музыка өнерінің шыңы екені даусыз.

Моцарт пен Бетховеннің музыкасын бұл кеште итальяндық дирижер Франческо ди Мауроның басшылығымен италиялық фортепианолық дуэт құрған талантты музыканттар Марко Скьяво және Серджио Марчегиани ұсынады. Шетелден келген қонақтармен бірге концертте Қазақстанның Халық артисі Айман Мусахаджаева жетекшілік ететін «Солистер академиясы мемлекеттік оркестрі өнер көрсетеді.

Әлем композиторлары мен музыканттардың виртуозды туындылары классикалық музыканы сүйетін тыңдармандарын тамсантпай қоймайтыны сөзсіз
Билет сатып алу