Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

SAZ AND SOUL Қазақ әндерінің жаңа лебі

«Saz&soul» тобының негізі 2017 жылы қаланды. Топ мүшелері – жоғары кәсіби музыкалық білімі бар талантты музыканттар. Шығармашылық топ әртүрлі музыкалық жанрдағы композицияларды орындайды. Ұжымның көркемдік жетекшісі – талантты композитор Әділжан Толықпаев.

Бұл күні «Saz&soul» көрермендерге керемет көңіл-күй сыйлайтын, халық сүйіп  тыңдайтын танымал әндер жаңа форматта орындалатын ерекше концерт ұсынбақ. Атап айтсақ, А. Қоразбаевтың «Көзіңнен айналайын», «Сырғалым», Б.Тұрғараевтың «Махаббат – мәңгі ертегі», Н.Тілендиевтің «Саржайлау» сияқты және т.б көптеген әр заманның хит әндері джаз, фанк, рок-баллада, блюз, латина, мюзетта, танго, неоклассика жанрларында орындалады.

Барша қазақ еліне танымал, жалынды, әсем де асқақ туындылар орындалатын концертте «Saz&soul» тобымен бірге бір сахнада талантты әнші Қайрат Сарыбаев өнер көрсетпек.
Билет сатып алу