Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

С.Рахманиновтың шығармашылығына арналған музыка кеші

18 қаңтар сағат 19.00 «Астана Опера» камералық залында  «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының «FORTE-TRIO» мемлекеттік триосы С.Рахманиновтың шығармашылығына арналған музыка кешін ұсынады.

FORTE-TRIO ұжымының мүшелері – атақты музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Ұжымның көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев. Ансамбльдің репертуары өте бай, бароккодан джазға дейін ерекше стильдегі және әртүрлі бағыттағы туындылар бар. Ансамбльдегі музыканттар оркестрмен де, жеке солистермен де өнер көрсетеді.  

Бұл кеште FORTE-TRIO-ның талантты артистерінің орындауында әйгілі орыс композиторы Сергей Рахманиновтың музыкасын тыңдай аласыздар. Өнерді бағалаушылар автордың танымал әрі жиі орындалмайтын шығармаларын да орындайды. Кеш бағдарламасындағы С.Рахманинов туындылары: №2 элегиялық триосы, ор.9, ре минор; «Здесь хорошо», «У моего окна», «Они отвечали», «Как мне больно», «Покинем, милая», «Ночь печальна», «В молчании ночи тайной», «Я жду тебя», «Дитя, как цветок», «Каватина Алеко» романстары. С.Рахманиновтың романстарын көрермен әрдайым ерекше ықыласпен қабылдайды. Концерт барысында тыңдармандар мен көрермендер поэтикалық мәтіндердің шынайылығын, эмоционалды ашықтығын, әуенді образдардың айқындылығын бағалай алады.

Концертте халықаралық байқаулардың лауреаты Қантарбаев Жұмабек (тенор) және халықаралық байқаулардың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Желтыргузов.
Билет сатып алу