Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Музыкалық жауһарлар кеші

23 қаңтар күні сағат 19.00-де «Qazaqstan» орталық концерт залында «Музыкалық жауһарлар кеші» концерті өтеді. Неміс классикалық музыкасын «Астана опера» театрының бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі ұсынады. Солист – жас талантты скрипкашы, халықаралық байқаулардың лауреаты Жандос Мұхамеди. Концерт Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен жарияланған Жастар жылының ресми ашылуының аясында өтеді.

Бұл кеште көрермендер белгілі неміс композиторы Рихард Вагнердің классикалық музыканың жауһарына айналған «Тангейзер» операсының увертюрасын тыңдай алады. Концерт бағдарламасын Феликс Мендельсон-Бартольдидің музыкасы жалғастырады. «Астана Опера» театрының симфониялық оркестрі скрипка мен оркестрге арналған ми минор ор.64 2. концертін орындайды.

Ерекше концерттік бағдарлама, сезімге толы әуендер, оркестрдің жоғары шеберлігі тоғысқан «Музыкалық жауһарлар кеші» концерті көрермендерге эстетикалық ләззат сыйлап қана қоймай, Жастар жылының айтулы оқиғасы атанбақ.
Билет сатып алу