Афиша Ұжымдар Залдар Жаңалықтар Біз туралы Астана 20 жыл Еңбек биржасы Мемлекеттік сатып алу Байланыс

Магруфа Мукажанованың "Жүрек үні" жеке концерті

Қымбатты классикалық музыканың тыңдармандары, сіздерге 10 қараша күні Ленинград консерваториясының түлегі, «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрінің солисі Магруфа Мукажанованың «Жүрек үні» атты жеке концерті өтетінін хабарлаймыз.

Концертте классикалық арфамен қатар, Астанада алғаш рет кельт арфасы ойналады. Егер де сіз ешқашан арфаны, әсіресе кельт арфасын жанды дауыста естімеген болсаңыз, онда алғашқы болып естуге асығыңыз.

Бағдарламада ирланд музыкасы, арфаға арналған әйгілі классикалық пьесалар бар. Магруфа Мукажановамен қатар флейта, виолончель және струнды квартет ансамбльдері өнер көрсетеді.
Билет сатып алу